ШЖҚ “Талғар жоғарғы медициналық колледжі” МКК
2021-2022 оқу жылдарына 9-11 сыныптан кейінгі оқушыларды төмендегі мамандықтар бойынша қабылдайды:
“Емдеу ісі” , “Акушер ісі”, “Мейіргер ісі”, “Лабораториялық диагностика”, “Фармация”.
Практикалық сабақтар Талғар қаласының емдік мекемесінің  базасында өтеді.  Колледжде жатақхана, кітапхана, компьютер сыныптары, студенттік ғылыми – тәжірибелік қоғам, студенттік Кеңес, спорт зал, асхана жұмыс істейді.
Қабылдау емтихандары психометриялық тест және аттестаттың орташа балы, негізгі пәндер мен бейіндік пәндердің бағалары негізінде өтеді.
9 сынып негізінде бітірген талапкерлер үшін (Фельдшер, Мейіргер ісі мамандықтарына) –негізгі пәндер қазақ тілі немесе орыс топтары үшін орыс тілі және бейіндік пәндер биология мен химия.
11 сынып негізінде бітірген талапкерлер үшін (Фельдшер, Акушер ісі, Мейірбике ісі, Лабораторлық диагностика, Фармация) –негізгі пәндер қазақ тілі немесе орыс топтары үшін орыс тілі және Қазақстан тарихы, бейіндік пәндер биология мен химия.
Қолданбалы бакалавр мамандығына орта буын медициналық білімі бар талапкерлер сұхбаттасу негізінде қабылданады.
Құжаттар 25 тамыз 2021 ж қабылданады.

Байланыс телефоны: 8(727)74-305-19

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған