Студенттердің ғылыми үйірмесінің активтері







Студенттердің аналитикалық және сыни ойлауын дамытуда ғылыми-зерттеу жұмысы маңызды рөл атқарады.
Колледж студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруының негізгі мақсаты оқу процесін жетілдіру және кәсіптік бағдар беру үшін орта, орта білімнен кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім берудің бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады.
Білім беру бағдарламасы контекстіндегі ғылыми зерттеулердің басым бағыттары
- білім беру (оқу және тәрбие), ғылыми және тәжірибелік үрдістердің бірлігін қамтамасыз ету ;
- білім алушылардың шығармашылық әлеуетін өзектендіру және шығармашылық, кәсіби ойлау дағдыларын қалыптастыру.;
- талдау, салыстыру, жүйелеу және жалпылау әдістерін меңгеру ;
- СҒЗЖ-ға белсенді қатысатын білім алушылардың санын арттыру;
- денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын анықтау;
СҒЗЖ аясында 18 пәндік СҒҮ (студенттік ғылыми үйірмелер) жұмыс істейді. Үйірме жұмысы кәсіби қасиеттерді белсенді қалыптастыру құралы болып табылады, білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға,іздеу — зерттеу жұмыстары дағдыларын қалыптастыруға, пәндерді тереңдетіп оқуға ықпал етеді. Үйірмеде ғылыми-ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру оқу және тәрбиелік міндеттер кешенін шешуге көмектеседі: білім алушыларда жалпы және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, шығармашылық әлеуетті дамыту, жеке қасиеттерді тәрбиелеу, жауапкершілік пен дербестік сезімін қалыптастыру.
СҒҮ-да сабақтар СҒҮ жетекшілерінің оқу сабақтарынан тыс әзірлеген жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Жұмысты жоспарлау үйірмелердің мүдделерін ескере отырып жүргізіледі. Үйірмелер жұмысына қатысуға әртүрлі курстардың білім алушылары ерікті негізде тартылады, мұны білім алушылардың зерттеу және ғылыми қабілеттерін дамытудың неғұрлым тиімді нысаны деп санауға болады. Үйірмелерде білім алушылар белгілі бір тақырыптар бойынша жұмыс істейді, іздеу — зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Жыл сайын жылдық жұмыстардың қорытындысы бойынша студенттік оқу-тәжірибелік конференциялар өткізіледі. Конференцияда студенттер өздерінің шығармашылық қабілеттерін, ғылыми ойлауының болуын, интеллектуалды дамуының жеткілікті деңгейін, тілдік дайындығын, зерттеліп отырған мәселеге бағдарлана білуін көрсетеді.
2021-2022 оқу жылында жұмыс істейтін студенттік ғылыми үйірмелер:
№ | Пән атауы | СҒҮ жетекшісі | СҒҮ атауы | Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы |
1 | Кәсіби ағылшын тілі | Есимов А. | «Connegtion people’s» | «Әлеуметтік желінің адам затқа пайдасы мен зияны » |
2 | Қазақ тілі | Кыдырбаева Р.А. | «Сөз маржан» | «Медицина саласындағы қазақ тіліндегі терминдердің сапасы» |
3 | Кәсіби орыс тілі | Айтимбетова Р.А. | «Полезный русский» | «Этимология слов,обозначающих лекарственные растения, с точки зрения народной медицины» |
4 | Қазақстан тарихы | Жумаханова Г.Ж. | Жас тарихшылар» | «Атамекен» |
5 | Физика | Кожанова Ж.Н. | «Физика және нанотехнология» | «Нанотехнологияның медицинадағы маңызын білу» |
6 | Физиология | Мукаш Н.М. | «Адам» | «Короновирустың тыныс алу жүйесінің қызметіне әсері» |
7 | Анатомия | Нуркадыр Г.Н. | «Ағза» | «Тыныс алу жүйесі ағзаларының құрылысы. COVID – 19 вирусымен ауырған кездегі тыныс алу ағзаларында дамитын өзгерістер» |
8 | Физиология | Есеналина Ш. | «Н2О» | Анализ влияния COVID на течение сердечно-сосудистых заболеваний» |
9 | Фармакология | Жазкен Д.К. | «Фито | «Дәріханадағы маркетингтік саясат» |
10 | Жалпы гигиена | Аутан Г. | «Денсаулық» | « Күн тәртібі мен оқу –тәрбие үрдістерінің гигиеналық негіздері» |
11 | Биология | Жалбиева Г.Н. | «Жасуша» | «Тұқым қуалайтын аурулардың түрлерін анықтау» |
12 | Психология | Кунтубаева А.М. | «Мейірімді алақан» | «Емтихан сессиясы барысында медициналық колледж студенттерінің психикалық жағдайын зерттеу мәселелері» |
13 | Мейіргер ісі | Ботаева Г.Т. | «Ф.Найтингейлдің ізбасарлары» | «Онкологиялық кабинетте жұмысты ұйымдастырудағы мейіргердін рөлі» |
14 | Акушер және гиенкология | Зульярова З.Ш. | «Гравида» | «Выявление взаимосвязи развития мастопатии на фоне патологии щитовидной железы» Қалқанша бездің патология кезінде мастопатия дамуының өзара байланысын анықтау» |
15 | Микробиология | Жанболат Г.Ж. | «Вакцина» | Талғар қаласы бойынша «Короновирус» ауруның таралуы, алдын алу шаралары және медициналық көмектің ұйымдастырылуы. |
16 | Хирургиялық аурулар | Елжас Елхан | «Ота» | «Хирургиядағы инновациялық технологиялар, олардың Алматы облысы өңірлерінде даму перспективалары» |
17 | Балалар ауруы | Ильясова М.К. | «Авиценна» | « Балалардың тыныс алу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Коронавирусты пневмония . 10-15 жас аралығындағы балалар арасындағы коронавирусты пневмонияның өту ерекшеліктері» |
18 | Жұқпалы аурулар | Болекбаева А.Б. | «Жұқпалы аурулар» | «COVID-19» ауруынан кейінгі синдромның патогенезі және оңалтудың негізгі бағыттарын анықтау» |
Ғылыми-зерттеу конференциялар және нәтижелері Өткізіліп жатқан конференцияларда жас зерттеушілер жасаған жұмыстарын көпшілікке көрсетуге мүмкіндік алады. Соның нәтижесінде студенттер сөйлеу қабілетін және бәсекелестік қабілетін жетілдіре алады. Студенттердің конференцияларға қатысуы олардың әрі қарай ғылыми жұмыстармен айналысуға ынтасын арттырады. Біздің колледждің студенттері ғылыми конференцияларға белсене қатысып, жақсы нәтижелерге жетуде.


«Хирургиялық профильдегі медбикенің кәсіби қызметінің ерекшеліктері» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға дайындық кезеңі



«ЖИТС және жастар» тақырыбында өткен дөңгелек үстел


«COVID-19 жахандық пандемиясының өзекті мәселелері» тақырыбындағы Республикалық конференциясы

Республикалық ғыылыми-тәжірибелік конференция нәтижесінде
І дәрежелі диплом: Айдарбаева Айкүміс, жетекшісі: Бөлекбаева А.Б.
Құсайын Асем, жетекшісі: Сарсебекова Б.Ш.
ІІ дәрежелі диплом: Түремурат Аида, жетекшісі: Жанболат Г.Ж.
Батырбекова Аружан, жетеукшісі: Махмадинова Л.М.
Қалған қатысушыларға номиннация бойынша сертификаттар берілді.
«ОНКОЛОГИЯ. Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы



«Онкология. Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында өткен ғылыми-зерттеу конференциясының қорытындысы. Конференцияға 15 қатысушы күндізгі форматта және 20-дан астам қатысушы сырттай қатысты. Барлық жұмыстар жинаққа енгізілетін болады. Комиссия мүшелері атап өткендей, ұсынылған барлық жұмыстар жоғары деңгейде орындалды, баяндамашылар өз зерттеулерінің нәтижелерін сенімді қорғады.
Конференцияның қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі қатысушыларға берілді:
1 орын: Ресей, Екатеринбург қ. — Семенова К. П., Қазақстан, Талғар қ. — Албанбаева А., Керейхан А.
2 орын: Қазақстан, Талғар қ. — Алтынбаева Л., Ресей, Екатеринбург қ. — Головкова В. А., Қазақстан, Алматы қ. — Пердебаева Ж. К.
3 орын келесі қатысушыларға берілді: Қазақстан, Нұр — сұлтан қ. — Махамбетова Н., Ресей, Қорған қ. — Кононова К. в., Қырғызстан, Бішкек қ. — Шериева Ф., Қазақстан, Түркістан қ. — Жарқынбекқызы Ә., Қазақстан, Балқаш қ. — Надырова Э., Владыкина Э., Ресей, Екатеринбург қ. — Исмаилова А. А., Қазақстан, Орал қ. — Құспанова Б., Романцов д., Қазақстан, Қызылорда қ. — Нұрланқызы А., Қазақстан, Шымкент қ. — Айнабек А.
СҒЗЖ тиімділігінің мониторингі:
(2017-201;2018-2019;2019-2020;2020-2021,2021-2022)
2017-2018 жж. —202 студент, «емдеу ісі» бөлімінде — 118 және «мейіргер ісі» бөлімінде – 84
2018-2019 жж. —208 студент, «емдеу ісі» бөлімінде — 150 және «мейіргер ісі» бөлімінде – 58
2019-2020 жж. —275 студент, «емдеу ісі» бөлімінде — 106 және «мейіргер ісі» бөлімінде – 169
2020-2021 жж. —202 студент, «емдеу ісі» бөлімінде — 118 және «мейіргер ісі» бөлімінде – 84
2020 — 2021ж. — 301 студент,оның ішінде «емдеу ісі» бөлімінде-152 оқушы, «Мейірбике ісі» бөлімінде-120; «Фармация бөлімшесі»-16, «зертханалық диагностика бөлімшесі» -13
2021 — 2022ж.-311 студент мамандық бойынша: «Емдеу ісі» — 169, «Мейірбике ісі»-128 , «Фармация бөлімі» -14.
Студенттерді ғылыми-зерттеу қызметімен қамту бүгінгі күні — 42% құрайды.

Студенттердің халықаралық, республикалық, облыстық және аймақтық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, конкурстарға, пәндік олимпиадаларға , акцияларға, дөңгелек үстелдерге күндізгі және сырттай формада қатысу пайызы құрады:
2017-2018 жылдары СҒҚ мүшелерінің жалпы санынан 24%
2018-2019 жылдары — СҒҚ мүшелерінің жалпы санынан 28%
2019-2020 жылдары — СҒҚ мүшелерінің жалпы санынан 31%
2020-2021 жылдары СҒҚ мүшелерінің жалпы санынан 33%
2021-2022 жылдары СҒҚ мүшелерінің жалпы санынан 49%

Ғылыми-практикалық конференцияларға, конкурстарға, пәндік олимпиадаларға қатысушылардың жүлделі орындары құрады:
2017-2018 ж. ж. — қатысушылардың жалпы санының 28%
2018 — 2019ж. ж. — қатысушылардың жалпы санының 34%
2019-2020 ж. ж. — қатысушылардың жалпы санының 47%
2020-2021 ж. ж. — қатысушылардың жалпы санының 55%
2021-2022ж. ж. — — қатысушылардың жалпы санының 58%

Колледждің ғылыми – зерттеу қызметіне оқытушылар құрамының қатысу пайызы
2017-2018 жылдары СҒҚ мүшелерінің жалпы санынан 28%
2018-2019 жылдары-СҒҚ мүшелерінің жалпы санынан 33%
2019-2020 жылдары — СҒҚ мүшелерінің жалпы санынан 37%
2020-2021 жылдары СҒҚ мүшелерінің жалпы санынан 44%
2021-2022 жылдары СҒҚ мүшелерінің жалпы санынан 49%
