«Алматы обылысының денсаулық сақтау басқармасы»
ММ-ның ШЖҚ «Талғар жоғарғы медициналық колледжі» МКК
08.03.2023 ж. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ «Талғар жоғары медициналық колледжінде» «Жолда жүру ережелерін білеміз бе?» тақырыбында 1-2 курс студенттеримен түсіндіру-ақпараттандыру жұмысы жүргізілді. Жасөспірімдер арасындағы жол — шын мәнінде өмірдің өзігі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Жол қауіпсіздігін сақтау — өз өмірін сақтау екендігін студенттерге түсіндіру мақсатында бүгінгі жиынымызды Талғар аудандық полиция бөлімінің АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-і полиция аға лейтинанты: Такенова Айгерим Бақытқызы өткізді.
Жиын барысында студенттерге жол ережесі туралы мәліметтер берілді. Талғар аудандық полиция бөлімінің АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-і полиция аға лейтинант Т.А.Бақытқызы студенттерге жол ережесі туралы мәліметтер берді. Қазақстан Республикасының жол қозғалысы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн Жол қозғалысы туралы халықаралық конвенцияның талаптарына сәйкес келтiру, сондай — ақ Қазақстан Республикасы Конституциясы 4 — бөлiмнiң 92 — бабын және «Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 12 — бабын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысымен таныстыды.Жолда жүру ережесін бұзған жағдайда тағайындалатын жазалар жайлы мағлұмат беріп өтті. Заң күшіне сену және құқықтық мәдениеті дамыған тұлға, құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болуға шақырды. Жиын барысында білім алушылардан тест және сауалнамалар алынды, өз сұрақтарына жауап алды.
«Алматы обылысының денсаулық сақтау басқармасы»
ММ-ның ШЖҚ «Талғар жоғарғы медициналық колледжі» МКК
АНЫҚТАМА
16.02.2023 ж. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ «Талғар жоғары медициналық колледжінде» «Нашақорлық ғасыр дерті» тақырыбында 1-2 курс студенттерімен түсіндіру-ақпараттандыру жұмысы жүргізілді. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық — ғасыр дерті екендігін, нашалық заттардың адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу мақсатында Талғар аудандық полиция бөлімінің АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-і полиция аға лейтинанты: Такенова Айгерим Бақытқызы қатысты.
Жиын барысында ДТІЖМ Е.Қ.Шағанбаев нашақорлық — бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүргені жайлы түсіндіру жұмысын жұргізді. Талғар аудандық полиция бөлімінің АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-і полиция аға лейтинант Т.А.Бақытқызы өз сөзінде қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы нашақорлықты алдын-алу жолдарымен таныстырды. Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісінің көз жасынан , қайғы – қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер екеніне тоқталып, заңға жугіне отырып, өз құқығын қорғау шараларын,тағайындалатын жазалар жайлы және әлеуметтік желілерде тараған жасөспірімдердің дүниетанымына әсер ететін түрлі сайттар туралы мағлұмат беріп өтті. Заң күшіне сену және құқықтық мәдениеті дамыған тұлға, құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болуға шақырды. Жиын барысында білім алушылардан тест және сауалнамалар алынды, өз сұрақтарына жауап алды.
«Алматы обылысының денсаулық сақтау басқармасы»
ММ-ның ШЖҚ «Талғар жоғарғы медициналық колледжі» МКК
Талғар жоғары медициналық колледжінде 23.02.2023 ж. Мұзарт таудың мұзбалағы,ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылғанына 92 жыл толуына орай «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр!» атты шығармашылық кеш өтті. Кеш соңында колледжімізде алғаш болып «Қолданбалы бакалавр» түлектері өз дипломдарын алды. Аталған күнге арнайы шақыртылған қонақтарымыз бен колледж директоры түлектерімізге сәт сапар тіледі.
Тоқта-тоқта,ей,жігіт,аялдағын.
Қане,қалай жағдайың,баяндағын.
Тәжірбие мектебін өтіп жүрсең,
Дәрігерлік кәсіпке таянғаның.


«Алматы обылысының денсаулық сақтау басқармасы»
ММ-ның ШЖҚ «Талғар жоғарғы медициналық колледжі» МКК
Діни экстремизмнің алдын алу мен экстремизмдік діни идеологияға тұрақты иммунитетті қалыптастыру және деуструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында өткізілген кездесу жөніндегі
23.02.2023 жылы Талғар жоғары медициналық колледжінде Діни экстремизмнің алдын алу мен экстремизмдік діни идеологияға тұрақты иммунитетті қалыптастыру және деуструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу мақсатында 1-ші курс студенттерімен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі танымал теолог, белгілі дінтанушы- блогер «ЗӘМ-ЗӘМ мешітінің имамы» Асанов Нұрлан Байжігітұлы «Жастар-ел болашағы» және аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді.
Имам Асанов Нұрлан Байжігітұлы жастар арасындағы деуструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында дәстүрлі құндылықтарды дәріптей отырып, діни сауаттылықты арттыру, тазалық, мамандық таңдау турасында өз пікірлерін айтып студенттермен сұхбат жүргізді.
Еркін форматта өткізілген кездесу барысында білім алушылар өз ойларын ортаға салып ,өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Теріс ағымдардан сақтану, діни сауаттылықты әлеуметтік желі арқылы емес, арнайы мамандар, ұстаздар арқылы жетілдіру айтылды. Өз ұлттық дәстүрлерімізді сақтауға шақыруды.


«Алматы обылысының денсаулық сақтау басқармасы»
ММ-ның ШЖҚ «Талғар жоғарғы медициналық колледжі» МКК
07.02.2023 ж. «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ «Талғар жоғары медициналық колледжінде» «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында 1-2 курс студенттеримен түсіндіру-ақпараттандыру жұмысы жүргізілді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және колледжге жаңадан оқуға түскен студенттер арасындағы бопсалаудың алдын-алу мақсатында Талғар аудандық полиция бөлімінің АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-і полиция аға лейтинанты: Такенова Айгерим Бақытқызы қатысты.
Жиын барысында ДТІЖМ Е.Қ.Шағанбаев зорлық-зомбылық,құқық бұзушылық туралы түсіндіру жұмысын жұргізді. Талғар аудандық полиция бөлімінің АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ-і полиция аға лейтинант Т.А.Бақытқызы өз сөзінде қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарымен таныстырды. Құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар,тағайындалатын жазалар жайлы және әлеуметтік желілерде тараған жасөспірімдердің дүниетанымына әсер ететін түрлі сайттар туралы мағлұмат беріп өтті. Сонымен бірге кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз (сағат 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертті.Заң күшіне сену және құқықтық мәдениеті дамыған тұлға, құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болуға шақырды.
Жиын барысында білім алушылар өз сұрақтарына жауап алды.


Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың,
қатыгездіктің алдын-алу және жолын кесу мақсатында өткізілген кездесу .
30.11.2022 ж 25 қараша-10 желтоқсан аралығында Республика көлеміндегі «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы» өткізілуіне байланысты Талғар жоғары медициналық колледжінің студенттерімен жасөспірімдер арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын-алу және жолын кесу мақсатында «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының президенті, құқық қорғаушы Ракишева Ляззат, SVET (Stop Violence End Tyranny) қоғамдық қордың негізін қалаушы Молдир Албан, заңгер Шинтекова Камшат Есмухамбетовна, Шаймурат Ажар «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының волонтерларымен кездесу өткізілді.
Кездесуде колледж педагог-психологы Кунтубаева А.М. студенттерге келген қонақтармен таныстырып, Республика бойынша өтіліп жатқан «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн акциясы» жайлы және зорлық — зомбылық туралы мағлұмат беріп өтті.
Келген қонақтар студенттерге зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» . Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып екіге бөлінетіндігін айтып,адамның ең жаман қасиеті екенін түсіндіріп өтті. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіріп, бейнеролик көрсетті.
Студенттермен профилактикалық әңгімелесулер өткізілді. Сонымен қатар арам пиғылды адамдар кездескенде қорғану тәсілдері жайлы үйретілді.
Колледж педагог-психологы адамдар арасындағы сақталатын ара-қашықтық жайлы түсіндіріп, көрсетіп өтті.
Кездесу «Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы» керектігі жайлы айтылып қорытындыланды.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек» .


Жасөспірім қыздар арасында ерте жыныстық қарым-қатынастың және ерте жүктіліктің , жасанды түсік әрекеттерінің алдын алу, психологиялық қолдау көрсету, кеңес беру мақсатында өткізілген қыздар жиналысы.
15.11.2022 жылы Талғар жоғары медициналық колледжінде жасөспірім қыздар арасында ерте жыныстық қарым-қатынастың және ерте жүктіліктің , жасанды түсік әрекеттерінің , сонымен қатар кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алу, психологиялық қолдау көрсету, кеңес беру мақсатында қыздар жиналысы болып өтті.
Онда колледждің акшерия және гинекология пәндерінің оқытушылары Сыдыкова Б.Т. және Ахметова Г.У. бүгінгі таңдағы болып жатқан оқиғаларды ескере отырып, жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктілік әрекеттерін болдырмау, алдын алу шараларын қарастыру «Ерте жүктілік және оның салдары», «Ерте жыныстық қарым-қатынас» тақырыбында баяндамалар оқытып, ерте жүктіліктің алдын алу түсінік жұмыстарын жүргізді. Жалпы жасанды түсік, оның салдары туралы жан-жақты мағлұматтар беріп, видеоролик көрсетілді.
Кездесуге келген Ювеналды тобының жасөспірім ісінің инспекторы лейтенант Төкенова Айгерім Бакытовна статистикалық мәліметтерді баяндап, ерте жүктіліктін қауіп-қатері өте зор және оның жауапкершілігі мол іс екенін тілге тиек етті. Жасөспірімдер бір ғана шалыс басқан істің артында үлкен қауіп-қатер бар екенін біле бермейді. Мысалы жас ана жүктілікті физикалық көтере алмайды, қиын таңдау тұрады: аборт жасау немесе баланы қалдырса өзін және нәрестені қауіп қатерге тігеді. Толық қалыптаспаған организм жүктілікпен және босануды көтере алмайды соның салдарынан ақауы бар баланың дүниеге келуі мүмкін. Міне, жоғарыда аталған дүниенің бәрі ерте жүктіліктің қауіп қатері екенін жасөспірім қыздарға жеткізді. Қонақтармен студенттер арасында сұрақ-жауап жүргізілді. Студенттер көптеген сұрақтар қойды. Мамандар студенттер сұрақтарына жауап қайтарып кері байланыс жүргізілді.


Талғар жоғары медициналық колледжінде Республика күнінің маңызын ұғындыру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын сіңіру, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту, елін,жерін қадірлей білуге тәрбиелеу мақсатында білім алушыларымен өткізілген “Қыран елім-Қазақстаным!”атты жалпыұлттық патриоттық акциясы.
25 қазан-Қазақстанда Республика күні,мемлекеттік мереке. Осы орайда “Қыран елім-Қазақстаным!”атты жалпыұлттық патриоттық акциясы аясында оқу орнымызда түрлі патриоттық
бағыттағы іс-шаралар өткізілді. Біршама қиындықтар жолында қол жеткізген Республика күні құтты болсын,тұғырымыз мықты,ел іші тыныш,ынтымақты болып,егеменді еліміз мәңгі жасасын!


Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы аутодеустриктивтік мінез-құлықтың алдын –алу, білім алушылардың өмірге деген құлшынысын арттыру, өмір туралы ой-өрісін дамыту, өмірді сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында өткізілген психологиялық тренинг.
22.10.2022ж.Талғар жоғары медициналық колледжінде жасөспірімдер арасындағы аутодеустриктивтік мінез-құлықтың алдын –алу, білім алушылардың өмірге деген құлшынысын арттыру, өмір туралы ой-өрісін дамыту, өмірді сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында «Өмір – қолымыздағы ең қымбат қазына» тақырыбында психопрофилактика, психологиялық алдын-алу жұмысы өткізілді. Онда коледж педагог – психологы А.М. Кунтубаева білім алушыларға өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара жігін ажырата отырып, студенттерді өз өміріне,өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болу туралы түсінік беріліп өтілді. Сонымен қатар студенттерге «Өмір» жайлы сұрақтар қойылды, студенттер өз ойларын ашық айтып пікір алмасып, «Өмір деген күрес» атты видеоролик көріп өз ойларын толықтырды. Тренингте «Жаңбыр дыбыстары», «Өмір сабақтары», «Сурет салайық» психологиялық ойындар ойнатылды. Соңында студенттермен «Ашығын айтқанда» анкетасы арқылы кері байланыс жүргізілді.


1-қазан қалықаралық қарттар күні : аясында колледжімізде көп жылдар бойы ұстаздық еткен ардагер ұстаздарымызбен колледж білім алушылары дөңгелек үстел басында бас қосты.Еркін пікір алмасу болды.Болашақ ақ халатты абзал жандар ардагер ұстаздарымызға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып,сұрақтарына жауап алды.Ардагер ұстаздарымыз өмірлік тәжірибелеріме бөлісіп,болашақ ақ халатты абзал жандарға алдағы оқуларына сәттілік тіледі.Кездесу соңында колледж директоры: Бағжан Әкімбайұлы ардагер ұстаздарымызға алғысын білдіріп,алғыс хаттармен қатар сыйлықтар табыс етті.



Оқу орнымыздағы тіл мамандарының ұйымдастыруымен өткізілген Ұлт ұстазы -Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл атты кеш


Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және колледжге жаңадан оқуға түскен студенттер арасындағы бопсалаудың алдын-алу мақсатында өткізілген кездесу.
14.09.2022 ж «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ «Талғар жоғары медициналық колледжі» МКК студенттерімен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және колледжге жаңадан оқуға түскен студенттер арасындағы бопсалаудың алдын-алу мақсатында Талғар аудандық полиция бөлімінің ЖПКБ ЮПТ аға учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтинант: Инкарбекова Наргиза Амантаевна келіп студенттермен кездесу жұмыстарын жүргізді.
Инкарбекова Наргиза Амантаевна өз сөзінде қазіргі таңда орын алып жатқан жасөспірімдер арасындағы қылмыстық іс-әрекеттердің алдын-алу жолдарымен таныстырып, құқық бұзған жасөспірімдерге қолданылатын шаралар және тағайындалатын жазалар жайлы және әлеуметтік желілерде тараған жасөспірімдердің дүниетанымына әсер ететін түрлі сайттар туралы мағлұмат беріп өтті. Сонымен бірге кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатынын айта отырып, заң күшіне сену және құқықтық мәдениеті дамыған тұлға, құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болуға шақырды. Жиын барысында білім алушылар өз сұрақтарына жауап алды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, оның алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа көріністерін азайту мақсатында өткізілген кездесу.
10.09.2022ж колледж қабырғасында «Өзгеріс өзімізден бастау алмақ» ұранымен
Талғар ауданының ішкі саясат ,мәдениет , тілдер дамыту және спорт бөлімі мен Талғар ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру “ атты іс-шара өткізілді.
Еркін форматта өткен іс-шараға коледжіміздің білім алушылары мен Талғар ауданының ішкі саясат , мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы: Бөгенбаева Фарида Мамырбекқызы , Талғар ауданының Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы: Бутабаева Жұмығыз Әшімбекқызы «AMANAT» партиясы Талғар аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы: Дүмчибаев Серік Кеңесұлы қатысуымен оқу-білім үрдісінде білім алушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық пен күрестің нормативтік құқықтық базасы, құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылу тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа байланысты әр түрлі іс-әрекеттерге қарсы шығу деген сияқты тақырыптарда пікір алмасып, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барасында білім алушыларымыз өздерінің жемқорлыққа қарсы екендерін білдіріп,ойларын ортаға салды…


Діни экстремизмнің алдын алу мен экстремизмдік діни идеологияға тұрақты иммунитетті қалыптастыру және деуструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында өткізілген кездесу
06.09.2022 жылы Талғар жоғары медициналық колледжінде Діни экстремизмнің алдын алу мен экстремизмдік діни идеологияға тұрақты иммунитетті қалыптастыру және деуструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу мақсатында 1-ші курс студенттерімен Алматы облысының Бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы және аудандық жастар ресурстық орталығы мамандарының қатысуымен кездесу өткізілді.
Бас имам Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы жастар арасындағы деуструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында дәстүрлі құндылықтарды дәріптей отырып, діни сауаттылықты арттыру, тазалық, мамандық таңдау турасында өз пікірлерін айтып студенттермен сұхбат жүргізді.
Еркін форматта өткізілген кездесу барысында білім алушылар өз ойларын ортаға салып ,өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Теріс ағымдардан сақтану, діни сауаттылықты әлеуметтік желі арқылы емес, арнайы мамандар, ұстаздары арқылы жетілдіру. Өз ұлттық дәстүрлерімізді сақтауға шақыру.


1 қыркүйек — Білім күнінде өткізілген іс-шара және ата – аналармен
өткізілген кездесу
Тарихы терең тағылымы мол бір ғасырға жуық тарихы бар “Талғар Жоғары Медициналық колледжі” 2022-2023 оқу жылында қабылданған студеттерді қарсы алды.Колледж директоры м.ғ.к Б.Ә.Құдабаев 1 қыркүйек — Білім күнімен құттықтап, барша оқытушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып студенттерге де сәттілік тіледі.
Жиын соңында колледж директорының қатысуымен жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді,
онда колледж директоры колледждіміздің тынысы және жетістіктері жайлы ақпараттар беріп өтті.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Ж.Айтуғанова колледждегі оқу процесі туралы мәліметтер беріп өтті. Әрбір жарты жылдықта білім деңгейлері тексерілетіндігі,сессия тапсыру керектігін айтты.
Жиында ата-аналардың қойған сұрақтарына жауаптар беріліп отырылды.

