Талғар медициналық мектебі 1937 жылы Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімінің медбикелер дайындайтын мектебі ретінде құрылған. Мектеп Алматы облысына медбикелерді дайындау жұмысымен айналысты. Алғашқы директоры А.М.Коршунов болды.
Қазіргі уақытта «Талғар жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу мекемесі ретінде «Алматы облыстық денсаулық сақтау ұйымының» мемлекеттік мекемесі. Мамандарды даярлау жалпы орта білім бойынша күндізгі оқыту және негізгі орта білім бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
«Мейіргер ісі» бөлімінде 2022-2023 оқу жылында жалпы саны 24 топ білім алуда. Осы топтарда барлығы 610 студент білімгер бар. Оның ішінде, бюджет бөлімінде 329 студент, ақылы негізде 281 студент білім алады.
Білім сапасын, білімгерлердің мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында клиникалық пәндерден элективті сабақтар, қосымша сабақтар, үйірмелер ұйымдастырылды. Колледжде білімгерлер тәжірибесін машықтау үшін 2 симуляциялық кабинет, хирургия, акушерия және гинекология, терапия, педиатрия кабинеттері жұмыс жасайды.
Білімгерлер профессор, медицина ғылымдарының кандидаттарынан, зерттеуші, сарапшы және модератор санатты, «болашақ» бағдарламасын тәмамдаған оқытушылардан дәріс алады. Колледждің тәжірибелік базасы аудандық клиникалық аурухана, көп салалы клиникалық ауруханасымен тығыз байланыс ұйымдастырылған.
Мамандығы: 09130100 «Мейіргер ісі»
Біліктілігі: 4S09130103 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»
Мейіргер ісі– халықтың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға, физикалық және психикалық аурулары бар адамдарға, сондай ақ еңбекке жарамсыз науқастардың барлық топтарына психо – әлеуметтік көмекті және күтімді көрсететуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі.
Мейіргер білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін маман болып саналады. Мейіргер-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.
Мейіргердің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейіргерлік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді.
Мейіргердің лауазымдық міндеттері тек міндеттерді ғана емес, сондай-ақ білімге деген нақты тілектерді, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтарын білдіреді. Олардың қатарында — дағдыларды жетілдіру, толыққанды жұмыс және құралдар үшін қажетті барлық ақпаратты алу мүмкіндігі.