«Емдеу ісі» бөлімі бойынша жалпы мәлімет
Талғар медициналық мектебі 1937 жылы Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімінің медбикелер дайындайтын мектебі ретінде құрылған. Мектеп Алматы облысына медбикелерді дайындау жұмысымен айналысты. Алғашқы директоры А.М.Коршунов болды.
1955 жылдан мектеп Талғар медициналық училищесі болып өзгертіліп, фельдшер мамандарын дайындай бастады. 1959 жылы училище жанынан балалар медбикесі бөлімі ашылды. 1960 жылдан бастап тұрақты топтардан бөлек кешкі оқу бөліміне 60 адамнан тұратын 2 фельдшер тобы оқытылды. 1954 жылы акушер бөлімі ашылды.
Қазіргі уақытта «Талғар медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу мекемесі ретінде «Алматы облыстық денсаулық сақтау ұйымының» мемлекеттік мекемесі. Мамандарды даярлау жалпы орта білім бойынша күндізгі оқыту және негізгі орта білім бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде:
- «Емдеу ісі» бойынша жүзеге асады.
Жалпы орта білім бойынша күндізгі оқыту бойынша мемлекеттік тіл:
- «Акушерлік іс» бойынша жүзеге асады.
2022-2023 оқу жылында «Емдеу ісі» бөлімінде «фельдшер» мамандығы бойынша 38 топ «акушер» мамандығы бойынша 1 топ бөлінген 922 студент білім алады. Оның 182-і бітірушілер. Осы оқу жылында «Емдеу ісі» бөліміне 355 студент қабылданды. Оның 200 – сы бюджет бөлімге, 155-і ақылы бөлімге. Жалпы «Емдеу ісі» бөлімінде 10 бюджет тобы, 7 топ Республикалық бюджет және 22 ақылы топ қалыптасты. «Емдеу ісі» бөлімі бойынша білім сапасы 90% ға тең.
Білім сапасын, білімгерлердің мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында клиникалық пәндерден элективті сабақтар, қосымша сабақтар, үйірмелер ұйымдастырылды. Колледжде білімгерлер тәжірибесін машықтау үшін 2 симуляциялық кабинет, хирургия, акушерия және гинекология, терапия, педиатрия кабинеттері жұмыс жасайды.
Білімгерлер профессор, медицина ғылымдарының кандидаттарынан, зерттеуші, сарапшы және модератор санатты, «болашақ» бағдарламасын тәмамдаған оқытушылардан дәріс алады. Колледждің тәжірибелік базасы аудандық клиникалық аурухана, көп салалы клиникалық ауруханасымен тығыз байланыс ұйымдастырылған.
Мамандығы: 09120100 – «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 4S09120101 – «Фельдшер»
«Емдеу ісі» – бұл базалық медициналық білім. Бұл саланың қызметкерлері мықты денсаулыққа, жақсы дене дайындығына, батылдық пен жігерлікке ие. Студенттерге адамдарды емдеу мен түрлі ауруларды дұрыс диагностикалауды ғана емес, сонымен қатар халық арасында профилактикалық және ағартушылық жұмыстарды жүргізуді үйретеді. Әр курста студенттер ауруханаларда, емханаларда және жедел жәрдем станцияларында міндетті практикадан өтеді. «Емдеу ісі» мамандығының түлегі ол пациенттермен өз жұмысын тәжірибелі мамандардың бақылауымен ғана орындай алады. Сонымен бірге ол ғылыми қызметпен айналыса алады, медициналық мекемелерде түрлі лауазымдарда қызмет ете алады.
«Емдеу ісі» мамандығы мына бағыттар бойынша кәсіби мамандарды дайындайды: – Фельдшер.»
«Фельдшер – орта медициналық білімі бар медицина қызметкері. Фельдшер мамандығы өте жауапты және маңызды, өйткені ол адам өмірін сақтап қалуы үшін жиі алғашқы жедел жәрдем көрсетеді.
«Жедел жәрдем» бригадасының құрамында жұмыс істей отырып, науқастар мен зардап шеккендерге алғашқы дәрігерге дейінгі, жедел және шұғыл жәрдем көрсетеді, дәрігердің көмекшісі болып табылады және оның бақылауымен емдеу-профилактикалық мекемелерде жұмыс істейді, стационарлық, амбулаториялық көмек пен үйде, ауылдық жерлердегі медициналық пункттерде жәрдем көрсетуді дербес жүзеге асырады.
Аурудың алдын алу және оны азайту, ауруды ерте анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді. Босануға көмек көрсетеді. Түрлі талдаулар жүргізеді. Емдеу-профилактикалық және санитарлық-гигиеналық шараларды дайындап, олардың өтуіне атсалысады. Дәрігерлік тағайындамаларды орындайды. Кіші медициналық персоналдың қызметін басқарады.
Фельдшердің бойында жанашырлық таныту, тыңдай алу, ықыластылық, мейірімділік сияқты қасиеттердің болуы маңызды. Ширақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, күтпеген жағдайларда тез және тиімді шешім қабылдау қабілеті кәсіби тұрғыда маңызды болып саналады.