Мамандығы: 09130200 – «Акушерлік іс»
Біліктілігі: 4S09130201 – «Акушер»
«Акушер» дәрігерге дейінгі медициналық және медициналық-әлеуметтік көмекті жүзеге асырады, бұл ретте медициналық көмектің келесі нысандарын ұсынады:
• Жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, босанған әйелдерге, Акушерлік және гинекологиялық бөлімшелерге, перинаталдық орталықтарға, әйелдер консультациясына, диагностикалық-көмекші қызметтерге және стационарлық және емханалық үлгідегі медициналық ұйымдардың бөлімшелеріне емдеу-диагностикалық көмек.» «Акушер – бұл әйел адамдарға жүктілік және босану кезінде көмек көрсететін маман. Осы мамандық бойынша мамандардың екі типін бөлуге болады: жай акушер және түрлі міндеттер мен мүмкіндіктер спектрі бар акушер-гинеколог. Акушер пациенттерге моральді тұрғыда қолдау көрсетеді және жаңа туған нәрестелерді қабылдап алады.
Қызмет саласы: Акушер әйел адамның жүктілігі басталғаннан баланы дүниеге әкелгеніне дейін қадағалайды, осы ұзақ уақыт бойы болашақ ана мен нәрестенің жай-күйін бақылайды. Жүктіліктің барлық кезеңінде әйелді тексереді, оның тәлімгері болады, ол босану кезеңін жеңілдету үшін өз бақылауындағы әйелді толық зерттеп қарауы керек. Асқынусыз өтетін босануды қабылдайды, жас босанған әйелге инъекция жасайды, күрделі емес гинекологиялық операцияларға қатыса алады. Акушер сонымен қатар бір жасқа дейінгі балалардың дамуын бақылайды.
Акушердің бойында жанашырлық таныту, тыңдай алу, ықыластылық, мейірімділік сияқты қасиеттердің болуы маңызды. Ширақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, күтпеген жағдайларда тез және тиімді шешім қабылдау қабілеті кәсіби тұрғыда маңызды болып саналады.Осы мамандықтың артықшылығы – акушердің қамқорлығы үшін тәнті болу, құрмет пен бақытқа бөлеу – әйел мен оның болашақ ұрпағының денсаулығы.
Акушерлер перзентханаларда, ауруханалар мен клиникалардың перзентхана бөлімшелерінде, әйелдер консультацияларында, отбасын жоспарлау орталықтарында жұмыс істей алады. Әсіресе бұдан әрі оқуына, жалақысы мен мансабының өсуіне мүмкіндік беретін жеке мекемелерде жұмыс істеу беделді.