ЖАС МАМАН МЕКТЕБІ

Колледжде жас маман мектебі жұмыс істейді. ЖММ  отырыстарында жас оқытушылар педагог мамандығының негіздерін, шеберлігі мен бейімделу дағдыларын меңгереді. Әдістемелік кабинетте әдістемелік материалдардың банкі бар, оған мыналар кіреді:

—  Оқу-әдістемелік кешендер, әдістемелік әзірлемелер;
—  Оқу-нормативтік құжаттардың үлгілері;
—  Іс-тәжірибені қорытындылау жұмыстары бойынша материалдар;
—  Әдістемелік құралдар;
—  Ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралардың әзірлемелері;
—  Бұрынғы жас мамандардың портфолиолары.

Психологиялық тренингтер бастаушы педагогтарға педагогикалық тапсырмаларды шешуде тәжірибе жинауға, білім беру және тәрбие жұмысын жүргізу үшін маңызды кәсіби қасиеттер қалыптастыруға көмектеседі.

ЖММ отырысы жас мамандардың, тәлімгер-педагогтардың және колледж әдіскерінің қатысуымен  айына бір рет өткізіледі.

Жас маман мектебінің отырысы