Мамандығым – мақтанышым.



https://www.instagram.com/p/DI5OmE_y3K0/?img_index=4&igsh=OWxsb2JrcmtweXZx
2 ӘЦК пән апталығының жабылуы қарсаңында “Мейіргер ісі негіздері” пәнінің оқытушысы Жақыпбек А.Ү ұйымдастыруымен ҚР ПІБ Басқармасы Медициналвқ орталығының Ұлттық госпитальі және ЖШС “Санжар” фирмасы қызметкерлерінің қатысуымен “2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы” қарсаңында “Мейіргер — кәсібилік пен шеберліктің айнасы” атты шебер сынып өткізіп, білімгерлер тың мағлұматтар алды. Алдағы уақытта тәжірибелік медицинамен тығыщ байланыс орнату жоспарлануда.

https://www.instagram.com/reel/DGmnwTfIjl2/?igsh=bXQ1dWxwZmNhdnlh
Мамандығым-мақтанышым.
2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы
Ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл шешім ел экономикасының тұрақты дамуы мен білікті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам. Осы бастама аясында Талғар жоғары медициналық колледжінде арнайы көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде медицина саласындағы арнайы пәндер бойынша таныстырылымдар өтті:
Анатомия, Физиология, гигиена, Әлеуметтік денсаулық сақтау, Лаборатория, фармакология, Мейіргер ісі негіздері, акушерлік іс, Хирургия, ішкі аурулар, балалар аурулары т.б.
3-4 курс білім алушылары 1-курс білім алушыларына медициналық тәжірибелік іс-дағдыларды көрсетті, оның ішінде:
• Қан қысымын өлшеу, таңғыш салу
• Алғашқы медициналық көмек көрсету
• Инъекция жасау, жаңа туған нәрестеге күтім жасау
1-курс білім алушылары көрмені тамашалап, мамандыққа деген қызығушылығын арттырды.
Сонымен қатар, еңбек нарығына сай білім беру бағдарламаларын жетілдіру, біліктілікті бағалау және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мәселелері ерекше назарға алынды.
Бұл көрме, жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен маңызды шаралардың бірі болды. 1-курс білім алушылары шара барысында тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп, өз мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті. Ғасырға жуық тарихы бар білім ордамыз медицина саласында білікті мамандар даярлауға өз үлесін қосуда. Еңбек адамы – елдің тірегі, ал медицина қызметкерлері – ұлт саулығының кепілі!