Колледждің қысқаша тарихы
Талғар медициналық мектебі 1937 жылы Алматы облыстық денсаулық сақтау бөлімінің медбикелер дайындайтын мектебі ретінде құрылған. Мектеп Алматы облысынң медбикелерді дайындау жұмысымен айналысты. Алғашқы директоры А.М. Коршунов болды.
Коршунов А.Н.
1937-1941 жылдары Талғар медициналық мектебінің алғашқы директоры болған
Мектепті 1941 жылға дейін жыл сайын медбикелердің екі тобы бітіріп шықты. Соғыс жылдарында мектеп уақытша Талдықорған қаласына ауыстырылды. 1945 жылдың қазан айынан бастап медбикелер мектебі қайта ашылды. Сол жылдары мектеп төрт ағаш уйге орналасқан. Оының бірі — екі қабатты, екі бөлмелі болатын. Мектепте екі ауысыммен төрт топ білім алса, қалған үш бөлме 25 орынға арналған жатақхана болды.
Сол кездегі оқушылар училищенің ескі ғимараты алдында
1951 жылы мектеп қабырғасы кеңейе түсті. Директор кабинеті, кітапхана, киім ауыстыратын орын, дәріс оқитын 6 бөлме ашылды. Оқушылар саны 400-ге жуық болды.
1955 жылдан мектеп Талғар медициналық училищесі болып өзгертіліп, фельдшер мамандарын дайындай бастады. 1959 жылы училище жанынан балалар медбикесі бөлімі ашылды. 1960 жылдан бастап тұрақты топтардан бөлек кешкі оқу бөліміне 60 адамнан тұратын 2 фельдшер тобы оқытылды. 1964 жылы акушер бөлімі ашылды.
1964 жылы Қаскелең ауданындағы 200 адамдық емхана Талғар медициналық училищесінің филиалы ретінде бекітілді. Филиал балалр медбикесін дайындады. Тәжірибелік дәрістер емханада және балалар мекемесінде өткізілді. Сегіз жылдық мектепте барлығы 38 оқушы білім алды.
1965 жылы 29 мамырынан медикелерді даярлау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік қаласында аудандық емхана жанынан 200 адамдық Талғар медициналық училищесінің екінші филиалы жұмыс атқарды. Теориялық курс В. Терешкова атындағы мектепте өтті. Практикалық жұмыстар емханада және дәріханада жүргізілді. Сегіз жылдық мектепте 35 оқушы білім алды.
1966 жылы Талғар медициналық колледжінің медбикелер дайындайтын Бақанас, Есік, Шелек, Шонжы сияқты 4 филиалы 10-11 класс бойынша ашылды. Филиалда акушер, балалар медбикесі, медбике ісі және фельдшер сияқты төрт бөлім жұмыс істеді.
1972 жылдан бастап медициналық училище директоры қызметін Әділбеков Ыдырыс Сарқытбайұлы атқарды. 1970-1972 оқу жылы училище қабырғасында 655 студент білім алды.
Әділбеков Ыдырыс Сарқытбайұлы
1971-1998 ылдары Талғар медициналық колледжінің директоры қызметін атқарған. Десаулық сақтау ісінің үздігі.
1972 жылға дейін училище материалдық базаның, клиникалық тәжірибе кабинетінің, медициналық жабдықтардың, аппараттардың, құрылғылардың жоқтығы себебінен және бар құрылғылардың талапқа сай болмағандығынан жұмыс жағдайы төменгі деңгейде болды. Практикалық жұмыстарды жүргізу үшін емхана жертөлесінде 2 бөлме берілді. Қараңғылығы мен ылғалдылығы тәжірибе жасауға мүмкіндік бермеді. Оқу жұмыстары емхана дәліздерінде және емхана алңынада жүргізілді. Училище мәжіліс залының жоқтығынан көп қиындықты бастан кешірді. Жиындар мен кештерді өткізу үшін қолайлы орындарды жалға алды. Спорт залының және спорт аланының жоқтығы себебінен жұмыс одан ары қиындай түстің.
1970 жылдардағы училищенің жаңа ғимараты
Архив