ШЖҚ “Талғар жоғарғы медициналық колледжі” МКК
2023-2024 оқу жылдарына 9-11 сыныптан кейінгі оқушыларды төмендегі мамандықтар бойынша қабылдайды:
“Емдеу ісі” , “Акушер ісі”, “Мейіргер ісі”, “Лабораториялық диагностика”, “Фармация”.
Практикалық сабақтар Талғар қаласының емдік мекемесінің базасында өтеді. Колледжде жатақхана, кітапхана, компьютер сыныптары, студенттік ғылыми — тәжірибелік қоғам, студенттік Кеңес, спорт зал, асхана жұмыс істейді.
Қабылдау емтихандары психометриялық тест және аттестаттың орташа балы, негізгі пәндер мен бейіндік пәндердің бағалары негізінде өтеді.
9 сынып негізінде бітірген талапкерлер үшін (Фельдшер, Мейіргер ісі мамандықтарына) –негізгі пәндер қазақ тілі немесе орыс топтары үшін орыс тілі және бейіндік пәндер биология мен химия.
11 сынып негізінде бітірген талапкерлер үшін (Фельдшер, Акушер ісі, Мейірбике ісі, Лабораторлық диагностика, Фармация) –негізгі пәндер қазақ тілі немесе орыс топтары үшін орыс тілі және Қазақстан тарихы, бейіндік пәндер биология мен химия.
Қолданбалы бакалавр мамандығына орта буын медициналық білімі бар талапкерлер эссе жазу негізінде қабылданады.
Құжаттар 20 маусымнан 20 тамыз аралығында қабылданады.
2023-2024 оқу жылдарының қабылданатын мамандықтар
№ | Мамандықтың аты | Базалық білім | Оқу мерзімі |
1. | “Мейіргер ісі”- Жалпы тәжірибедегі мейіргер | 11 сынып (қазақ) 9 сынып (қазақ) | 2 жыл 10 ай 3 жыл 10 ай |
2. | “Емдеу ісі” – Фельдшер | 11 сынып (қазақ) 9 сынып (қазақ, орыс) | 2 жыл 10 ай 3 жыл 10 ай |
3. | “Емдеу ісі” — Акушер | 11 сынып (қазақ) | 2 жыл 10 ай |
4. | “Лабораториялық диагностика”- Медициналық лаборант | 11 сынып (қазақ, орыс) | 2 жыл 10 ай |
5. | “Фармация”- Фармацевт | 11 сынып (қазақ, орыс) | 2 жыл 10 ай |
6. | Қолданбалы бакалавр “Мейіргер ісі”- Жалпы тәжірибедегі мейіргер | Дипломмен (қазақ, орыс) | 1 жыл 6 ай |
Талапкерлердің оқуға түсу үшін өтініштері 20 маусымнан 20 тамызға дейін қабылданады.
Біздің колледжге түсу үшін қажет:
•Аттестат (9 сынып және 11 сынып негізінде), диплом – түпнұсқа
•Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік
•3*4 сурет 4 дана
•075 ф. — медициналық анықтама
•031 ф. медициналық анықтама – бар болған жағдайда
Сізді төмендегі мәкен жайда күтеміз;
Талғар қ., Павлова к-сі, 24 а.
Байланыс телефоны: 8(727)74-305-19
(қабылдау комиссиясы)
Жұмыс уақыты: 09:00-18:00
Сенбі-Жексенбі демалыс.
[smartslider3 slider=»13″]