«Талғар жоғары медициналық колледжінің» 09130100- «Мейіргер ісі» бөлімі; 5АВ09130101- «Мейіргер ісіндегі қолданбалы бакалавр» біліктілігі бойынша 2021-2022 оқу жылында арнайы бөлім ашылып, 67 студент оқуға қабылданды.
Оның ішінде 33 студент орыс тобында, 34 студент қазақ тобында білім алды.
2022-2023 оқу жылында тағы 53 студент; оның ішінде 26 студент орыс тобына, 27 студент қазақ тобына түсті.
Мейіргер ісіндегі қолданбалы бакалавр біліктілігі бойынша алғашқы түлектер 2023 жылдың ақпан айында курсттық жобаларын қорғап, тәуелсіз сараптамадан сәтті өтті. Тәуелсіз сараптаманың нәтижесі бойынша орта балл 85 пайызды көрсетті. 67 түлектің 11 түлегі үздік үлгідегі диплом иеленді.
Әлем бойынша сауықтыруды жүргізудегі жоғары білікті мамандар орнын осы қолданбалы бакалавриат деңгейінде дайындалған жаңа көзқарастағы, жаңа тұрпаттағы мейіргерлер толтырмақ. Олар науқасты күтіп, ем-шараларды жүргізуде өздері дербес шешім қабылдай алатындай жоғары білікті мамандардың білікті көмекшілері санатыда еңбек етпек. Шетелдерде мұндай мейіргерлер арнайы тіркеледі және мұндай есептегі мейіргер болудың дәрежесі де жоғары. Олар әдеттегі дәрігер нұсқаулығын орындайтын қарапайым медбикеден екі есе көп табыс табады. Өйткені лицензия алу үшін дәрігерлер тәрізді сынақ тапсырып, соның нәтижесінде лицензиялы маман мейіргер атанады. Сондықтан да отандық медицинада осындай дәрежедегі маман мейіргер даярлаудың маңызы зор.