
Тунликбаева Бакытгуль Бектурсыновна
2006 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген
2003 — 2006 жыл оқу бөлімінің хатшысы
2006 — 2012 жыл қоғамдық пәндер оқытушысы
2012 — 2016 жыл 1-2 курс меңгерушісі
2016 – 2018 оқу бөлімінің меңгерушісі
2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап әдістемелік кабинет меңгерушісі
Колледждің әдістемелік қызметі:

Әдістемелік кабинеттің жұмыс жүйесі

«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң ШЖҚ «Талғар жоғары медициналық колледжі» МКК әдістемелік кабинеті — бұл оқытушыларды даярлау, олардың ақпараттық кеңістігін кеңейту, колледж оқытушыларының жұмыс тәжірибесін жинақтау, озық білім беру технологияларын жүйелеу, енгізу орталығы.
Әдістемелік кабинет жұмысына циклдік әдістемелік комиссия төрағалары, пәндер оқытушылары мен үйірме жетекшілері қатысады.
Әдістемелік кабинеттің жұмысы колледж жарғысы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы нормативтік заңнамалық актілері негізінде жүзеге асырылады. Әдістемелік кабинетте сондай-ақ қазіргі заманғы оқу процесінің өзекті мәселелеріне арналған әдістемелік ұсынымдар, қағидалар бар.
Әдістемелік кабинет колледж оқытушыларының әдістемелік жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру үшін құрылған. Әдістемелік жұмыста басты назар колледж оқытушыларының мониторингіне аударылады. Оқытудың белсенді әдістерін пайдалану, оқу сабақтары мен сыныптан тыс іс-шаралардың дәстүрлі емес нысандарын өткізу біздің оқытушыларымыздың осы саладағы кәсіби қызметке қызығушылығын арттырады және оқу процесіне ынта мен қызығушылық тудырады.
Сондықтан колледжде әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес түрлі ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, білімнің қоғамдық байқауы, оқу пәндерінің бірлестіктеріне негізделген кіріктірілген сабақтар өткізіледі.
Сонымен қатар әдістемелік кабинетте «Жас оқытушылар мектебі«жұмыс істейді. Мұнда жас мамандарға кәсіби дағдыларды меңгеруге көмектесетін әдістемелік көмек көрсетіледі.
Әдістемелік кабинет міндеттері
- Білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
- Білім беру процесінің жаңа технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру.
- Шығармашылық ойлауды дамыту, оқытушылардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми – әдістемелік әлеуетін жетілдіру.
Әдістемелік кабинет жұмысының негізгі бағыттары
* инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу;
* жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша үштілді оқытуды бейімдеу;
* педагогикалық семинарлардың, практикумдардың, конференциялардың жұмысын қамтамасыз ету;
* оқытушылардың озық тәжірибелерін зерттеу және тарату;
* Денсаулық сақтау және білім беру мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, семинарлар мен кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
* дипломдық және курстық жұмыстар аясында қолданбалы бакалавриат ББ түлектерінің зерттеу қызметін қолдау және басқару;
* педагогтардың біліктілігін арттыру;
* жалпы және жеке педагогикалық, дидактикалық және басқа да мәселелер бойынша топтық және жеке консультациялар ұйымдастыру;
* оқу үрдісіне оқу-бағдарламалық құжаттарды, әдістемелік ұсынымдарды қолдану және енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
* оқытушылардың өздігінен білім алуына көмек көрсету;
* нормативтік құжаттарды, сондай-ақ білім беру қызметінің түрлері бойынша үздік әдістемелік әзірлемелерді жинақтау және жүйелеу;
* ақпараттық-компьютерлік технологияларды пайдалану.

