Колледждегі психологиялық қызмет

Колледждің психологиялық қызметі – бұл студенттерге психологиялық көмек көрсетуге бағытталған құрылым.

Колледждегі психологиялық қызметтің  мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1)  білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

2) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;

3) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың жағдаяттарын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

4) психологиялық жағдаяттарды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;

5) білім беру үдерісі қатысушыларының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

Психологиялық қызметтің негізгі бағыттары:

1.Психологиялық диагностика –

Мақсаты:  білім алушылардың бейімделуі, дамуы мен әлеуметтенуі мақсатында оларды кешенді психологиялық диагностикалау.

2. Психологиялық профилактика –

Мақсаты: білім алушылар мен  педагогтердің өзін-өзі айқындауына, кәсіптік өсуіне ықпал ету;

3. Психокоррекция және дамыту –

Мақсаты: білім алушылар мен педагогтердің тұлғалық, зияткерлік, эмоционалды-жігерлік, шығармашылық даму үйлесімділігі бойынша психологиялық түзету және дамыту сабақтарын ұйымдастыру;

4. Психологиялық кеңес жүргізу, кәсіби кеңес жүргізу –

Мақсаты: Педагогикалық үдерістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.

5. Психологиялық білімді көтеру –

Мақсаты: Педагогикалық үрдістерге қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.

ПЕДАГОГ – ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Апта күндеріЖұмыс уақытыЖұмыс мазмұны
1.         Дүйсенбі08:00- 13:00 14:00-15:00 15:00-17:00    Құжаттармен жұмыс (есеп,талдау,қорытынды) . Педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру. Өзіндік білім жетілдіру.  
2.  Сейсенбі08:00- 13:00               14:00-15:30            15:30-17:00Ұйымдастырылған — әдістемелік жұмыстар  (дамыту сабақтарына дайындық және білім алушыларға  кеңес беру, психологиялық сабақтарға  материал дайындау). Студенттермен  түзету, дамытушылық, алдын –алу   жұмыстары  (жеке және топтық)  1- 2 курс. Психодиагностика, нәтижелерді өңдеу жұмыстары .
3.  Сәрсенбі08:00- 13:00      14:00- 15:30           15:30-17:00Білім алушыларға кеңес беру (жеке және топтық) Студенттермен  түзету, дамытушылық, алдын –алу   жұмыстары  (жеке және топтық) 3-4 курс. Ойын және тренингтер,  психодиагностика , нәтижелерді өңдеу жұмыстары .
4.  Бейсенбі    08:00 — 17:00Әдістемелік жұмыс (семинарларға,  курстарға, жиналыстарға, әдістемелік бірлестіктерге қатысу,  кітапханамен жұмыс, іс-қағаздармен жұмыс)  және т.б.  
5.  Жұма08:00- 13:00             14:00-16:00       16:00-17:00Ұйымдастырылған-әдістемелік  жұмыстар  (дамыту сабақтарына дайындық және оқушыларға кеңес беру, психологиялық сабақтарға  материал дайындау). Студенттермен  түзету, дамытушылық, алдын –алу   жұмыстары  (жеке және топтық) Психодиагностика. Тренинг.
6  Сенбі  9.00-13.00   14:00-15:00Құжаттарды рәсімдеу, реттеу . Психолог кабинетін жабдықтау, безендіру. Ата-аналарға кеңес беру (жеке, топтық).