Талғар жоғары медициналық колледжінің сайтына қош келдіңіз!

[smartslider3 slider=»12″]


Талғар жоғары медициналық колледжі – бай тарихы мен қалыптасқан дәстүрлері бар ежелгі оқу орындарының бірі. Өзінің өмір сүрген барлық жылдарында медициналық колледж өзінің маңыздылығын жойып қана қоймай, сонымен бірге Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңаруы жағдайында одан да зор маңызға ие болды.

Талғар жоғары медициналық колледжі бәсекеге қабілетті мейірбике мамандарын, фельдшерлерді, еңбек нарығында сұранысқа ие акушерлерді дайындайды.

НЕЛІКТЕН БІЗ?

САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Сабақты денсаулық сақтау мен білім беру саласының беделді марапат иегерлері – оқытушылар мен дәрігерлер жүргізеді.

САБАҚТАН ТЫС БЕЛСЕНДІ ІС-ӘРЕКЕТТЕР

Студенттік өзін-өзі басқару, мәдени шаралар, спорттық шаралар, білім алудың қолайлы жағдайлары

БІЗДІҢ ДИПЛОМ – ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУДЫҢ КЕПІЛДІГІ

Біздің колледж республикадағы беделді медицина колледждерінің бірі.

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Біздің студенттер облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар, байқаулар, жарыстарға белсенділікпен қатысады


МАМАНДЫҚТАР

Колледж туралы

Хабарландыру

Құрметті 1 курс студенттері және ата-аналар!

Сіздерді 1 қыркүйек күніне арналған “Әділетті Казақстан:сапалы білім, адал ұрпақ, саналы ұлт” атты салтанатты кешіміздің қонағы болуға шақырамыз. Өтетін орны : “Талғар жоғары медициналық колледжі”, Павлова 24А мекен жайы бойынша. Өтілетін уақыты 9:00

Қымбатты студенттер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Еліміздің Ата заңы уақыт сынынан сүрінбей өтіп, тарихи дамуымыздың жалпыұлттық бағдарын айқындауда басты мәнге ие болып отырғанын дәлелдеді.

Конституция мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қалай отырып, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Қазақстан қоғамын біріктіруге зор үлес қосты.

Ата заңымызда жарияланған заң үстемдігі, құқықтар мен бостандықтардың мүлтіксіз сақталу қағидаттары, әлеуметтік кепілдіктер мен жалпы адамзатқа ортақ жоғары құндылықтар әрбір азаматтың жанына жақын әрі түсінікті.

Қазіргі кезеңдегі қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың конституциялық нормалары – бүкіл Қазақстан халқы үшін сенімді болашақты қамтамасыз ететін дәйекті даму мен жаңғыру үдерістерінің негізі!

Осы мерекеге орай барша студентерге бейбіт өмір, игі бастамалар мен бақ-береке тілеймін!