4-Сәуір күні колледж қабырғасында бітіруші топ білім алушыларына арналған “Бос орындары жәрмеңкесі” өтті! Бұл іс-шара жас мамандарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, олардың болашақ кәсіби жолын айқындауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге облыс бойынша бірнеше ауруханалар мен зертханалардың кадр бөлімінің инспекторлары мен бас мейіргерлері қатысты. Олар студенттерге жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынып, әр медициналық мекеменің талаптары, жалақы мөлшері, әлеуметтік пакеттері мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді.
