Инструкция по использованию приложения ZOOM

Zoom қосымшасы нақты уақытта нақты уақыт режимінде хабарлама жіберу және ет алмасу арқылы кәсіпорынның бейнеконференциясын өткізуге мүмкіндік береді.

Негізгі артықшылықтары:

Пайдаланудың қарапайымдылығы. Кез келген құрылғыны қолдана отырып, конференцияларды қосуға және қатысуға арналған конференция мүмкіндіктерімен жылдам біріктіруге(интеграция жасауға) болады.

Сіз кез-келген жерден және кез келген құрылғыдан кіре аласыз. Zoom қосымшасы конференцияларын күнтізбеңізбен синхрондап, компьютерден ұялы телефонға корпоративті деңгейдегі ағынды бейне конференцияны өткізуге болады.

Кез-келген қажеттілікке арналған бейне. Бірыңғай коммуникациялық платформа арқылы ішкі және сыртқы байланыстарды, конференцияларды және тренингтерді өткізуді қамтамасыз етуге болады.

Zoom қосымшасын қолдану жөніндегі нұсқаулық.

  • Браузердің мекен-жай жолына мына мекенжайды енгізу керек: https://zoom.us/
  • Жоғарғы оң жақ бұрышында Регистрацияға басып, тіркеліңіз

Поштаңыздың адресін енгізіңіз Регистрация дегенді басыңыз

Поштаңызға кіріп, тіркеу жазбасын активация жасаңыз

Өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді енгізіңіз және Продолжить ссылкасы бойынша өтіңіз

Бұл қадамды өткізіп жіберуге болады

Одан кейін Организация конференции-ге басып «С видео» режимін таңдаймыз

Жүйе сізге арнайы қосымшаны жүктеуге рұқсат сұрайды, соны жүктеп іске қосыңыз

Қосымшада жұмыс жасау

Дауысты тексеріңіз Чатты тексеріңіз

Одан соң, қатысушыларды шақыру қажет

Одан кейін ссылканы көшіріп алып, конференцияның паролі екеуін қатысушыларға жібереміз(whatsapp желісі арқылы жіберуге болады)

Конференцияға қосылған қатысушылар терезенің жоғары жағында пайда болады

Одан соң, төменгі жол жақ бөлікте Запись деген түйме басып, Запись с компьютера дегенді таңдаймыз

Жұмыс үстеліңізді қатысушыларға көрсету үшін Демонстрация экрана дегенді басыңыз.

Экран аумағын белгілеп, Совместное использование дегенді басамыз

Қатысушыларға әкранның жасыл түспен боялған бөлігі ғана көрінеді. Zoom мәзірі экранның жоғарғы жағында көрсетіледі, осылайша сіз оның параметрлерін басқара аласыз.

Демонстрацияны аяқтау үшін Остановить демонстрацию дегенді басыңыз

Конференциядан алынған жазбаны Zoom қосымшасының өзінен тоқтатамыз(суретке қараңыз)

Конференцияны аяқтау үшін Завершить конференцию-ді басыңыз.

Түймені басқаннан кейін конференцияны қалай аяқтау керектігін көрсететін терезе шығады(суретті қараңыз)

Содан соң, конференциядан алынған жазбаны компьютердің қай жерінде сақтауға болатын орынды көрсетіңіз